Шымкентте тұрғыннан 10 млн теңге бопсалаған екі азамат 5 жылға сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция қызметкерлері тұрғынның арызы негізінде қорқыту арқылы ақша талап еткен екі азаматты жедел анықтап, қамауға алды. Сондай-ақ күдіктілердің бірінің үйінен қаруға ұқсас екі зат пен төрт патрон тәркіленді. Жүргізілген тергеу әрекеттері нәтижесінде бопсалау арқылы алынған Mercedes-Benz автокөлігі мен 300 мың теңге иесіне қайтарылды.
Сот шешімімен құқық бұзушыларға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Полиция ескертеді: бопсалау – қылмыс. Азаматтардан ақша немесе мүлікті қорқыту арқылы талап ету заңмен жазаланады.