Петропавлда жүк көлігі көпірден құлап кетті

/
Петропавлда жүк көлігі көпірден құлап кетті
видеодан скриншот

Оқиға бүгін таңертең Есіл өзенінде орналасқан Петропавл бөгетінде болған. Жүргізуші көлікті басқара алмай, бөгеттің қоршауына соғылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жүргізуші аман. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы оны Петропавл қаласындағы көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізген.

Тексеруден кейін дәрігерлер ер адамның мойын байламдарының созылуын анықтап, оны амбулаториялық ем қабылдауға жіберген.

Полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар