Президент Қазақстанның Аустрия мен Пәкістандағы елшілерін тағайындады

/
Президент Қазақстанның Аустрия мен Пәкістандағы елшілерін тағайындады
Ақорда

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Ермек Көшербаев Қазақстанның Аустриядағы елшісі әрі Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ал Еркін Тұқымов Қазақстанның Пәкістандағы елшісі қызметіне кірісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды;

Еркін Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген ақпаратта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар