11 қазанда Астана мен Алматыдағы шетел валюталарының орташа бағамы белгілі болды. Kurs.kz мәліметінше, екі қалада да доллар, еуро және Ресей рублінің сатып алу-сату бағасы әртүрлі қалыптасты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астанада долларды орта есеппен 448,99 теңгеден сатып алып, 455,99 теңгеден сатуға болады. Еуроның сатып алу бағасы – 501,96 теңге, сату бағасы – 511,96 теңге. Ал Ресей рублі 5,17 теңгеден сатылып, 5,37 теңгеден сатып алынып жатыр.
Алматыда доллардың сатып алу бағасы 451,48 теңге, сату бағасы 453,94 теңге болды. Еуроны 507,44 теңгеден сатып алып, 512,06 теңгеден сатуға болады. Ресей рублінің бағамы сатып алу кезінде 5,13 теңге, сату кезінде 5,25 теңге деңгейінде қалыптасты.