KFC компаниясының Сингапурдағы бөлімшесі ерекше конкурс жариялады. Компания брендтің ресми жарнамалық өкілі болатын мысықты іздеп жатыр. Жеңімпазға құны 2 000 сингапур долларына бағаланатын бір жылдық келісімшарт пен KFC брендінің фирмалық өнімдері табысталады, деп хабарлайды turkystan.kz.
KFC Meowfluencer Search деп аталатын байқау компанияның қазан айына арналған жарнамалық науқаны аясында ұйымдастырылып отыр. Мысық иелері өтінім беру үшін Instagram желісінде @kfc_sg аккаунтын белгілеп, үй жануарының атын көрсетуі керек болған.
Іріктеуден өткен мысықтар арасындағы ашық дауыс беру 2026 жылғы 10 қазанда сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін Сингапурдағы The Star Vista сауда орталығында өтеді.
Байқау жеңімпазы бір жыл бойы KFC Singapore брендінің ресми өкілі болады. Ол әлеуметтік желілерге арналған контент түсіруге, фотосессияларға және компанияның жекелеген іс-шараларына қатысуы мүмкін.
Бұдан бөлек, жеңімпазға KFC-дің фирмалық өнімдерінің толық жиынтығы беріледі.
Бұл бастама компанияның қазан айында ұсынған жаңа Louisiana Surf N’ Turf мәзірімен қатар іске асырылып отыр. Жаңа мәзірде KFC-дің дәстүрлі қуырылған тауығы теңіз өнімдерінің дәмін еске салатын қоспалармен үйлестірілген. Сондай-ақ компания үй жануарларына арналған кездесу ұйымдастырып, оларға арналған жаңа тауарлар топтамасын таныстыруды жоспарлаған.