Танымал әнші Жұлдыз Өмірғали «НТК Show» подкастына сұхбат беріп, Айқын Төлепбергенмен қалай қосылғандарын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Отбасылы екенін білмедім. 2015 жылы 15 қазанда таныстық. Желтоқсаннан бастап жүрдік. Ақпанда бейнебаян шықты. Отбасылы екенін көрдім, естідім. Содан кейін қарым-қатынасты тоқтатайық деген шешімге келдім. Бір-екі ай қашып жүрдім. Ақыр соңы келіп, махаббатын көрсетті. «Мен шешім қабылдадым. Оған сенің ешқандай қатысың жоқ. Өзім мойныммен көтеремін» деді. Мамыр айында әйелі босанды. Содан кейін ажырасу процесі басталды. Айқын жауапкершіліктен қашқан жоқ. Ол кезде Аңсар төртте болды. Мен балалар мен әкесінің араласуына, бұрынғы жұбайымен араласуына кедергі келтірмеймін. Өздерінің ортақ шешімдері бар. Мен тек бақылаушымын. Екі отбасындағы балаларды бала күндерінен араластыруға тырысамыз. Күнделікті видеоқоңыраумен хабарласып тұрады. Ортақ естеліктер болсын деп шетелде бірге демалдық, Алакөлге бардық. Ертең есейгенде ортақ естеліктер болса, бір-бірінен ажырап кетпесе дейміз», – деді ол.