Орал әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған шетел азаматы жауапқа тартылды

/
Орал әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған шетел азаматы жауапқа тартылды
polisia.kz

Орал қаласы әуежайындағы көліктегі полиция бөлімшесінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған 52 жастағы шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құқық бұзушы Стамбұл – Орал бағытындағы әуе рейсімен ұшып келгеннен кейін паспорттық бақылаудан өту кезінде анықталып, ұсталды. Бақылау залында болған ер адам Қазақстан Республикасын балағаттап, оның атына қорлайтын сөздер айтқан.

Полиция қызметкерлері ұсталған азаматты кезекші бөліміне жеткізіп, оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Сонымен қатар шетел азаматымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді.

Сот шешімімен шетелдік азамат құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.  Сонымен қатар құқық бұзушыға алдағы уақытта мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ескерту жасалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары