Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты қылмыстық іс прокуратураға қайтарылды

/
Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты қылмыстық іс прокуратураға қайтарылды
Ғаламтор

Астанадағы сот ПИБ төрайымы Сәуле Жұбаниязоваға қатысты қылмыстық істі прокуратураға қайтарды. Прокуратура бұл істі құрылыс салушыға және басқа да тұлғаларға қатысты іспен біріктіру мәселесін шешуі тиіс, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот сараптама нәтижелерін ескерді. Мамандардың қорытындысына сәйкес, ғимараттың құлауына бірден бірнеше фактор себеп болуы мүмкін. Олардың қатарында құрылымдардың ақаулары мен құрылыс технологиясының бұзылуы бар.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2025 жылғы 8 қарашада Астанада болған. Тұрғын үй кешенінің қасбетінен кірпіш қаптама мен кондиционер қондырғысы құлап, салдарынан бес адам зардап шекті. Олардың арасында жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан да болды. Ол араға 10 күн салып ауруханада қайтыс болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары