Теміржол билеттеріне 10% жеңілдік жарияланды

/
Теміржол билеттеріне 10% жеңілдік жарияланды
ҚТЖ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының билеттеріне жеңілдік енгізілетінін мәлімдеді. 2026 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін жол жүру құны 10%-ға төмендетіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жеңілдік Ұлттық тасымалдаушы пойыздарындағы барлық вагон түрлеріне, сондай-ақ, қала маңындағы пойыздарға қолданылады. Осылайша, жолаушылар күзгі-қысқы кезеңде сапарға шығу үшін билеттерді төмендетілген бағамен сатып ала алады.

Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтында және теміржол вокзалдарының билет кассаларында қолжетімді.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар