ҰҚК Шекара қызметі қыркүйекте құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, 4 138 заң бұзған адамды ұстады. Оның ішінде 3 502 адам – шетел азаматы, деп хабарлайды turkystan.kz.
2,5 млрд теңге сомасында тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 1 598 фактінің алды алынды, оның ішінде:
- 37 факті – есірткі заттары;
- 62 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 дана травматикалық қару, 2 дана газ қаруы, 77 дана оқ-дәрі);
- 816 факті – көлемі 80 тоннадан асатын мөлшерде ЖЖМ, жалпы сомасы 24,1 млн теңге;
- 549 факті – жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
- 134 факті – сомасы 1,2 млрд теңгеден астам валюта.
Каспий теңізінің акваториясында браконьерлікпен айналысудың 48 фактінің алды алынды, 41,7 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 145 дана (840 кг) бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Алды алынған шығын сомасы – 350 млн теңге.
Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 66 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізілуде.
Сондай-ақ 34 млн теңгеден астам айыппұл салынған 3 607 әкімшілік іс өндірісте.
Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдауы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.