«Радиодан естісем, өшіріп тастаймын»: Алтынбек Қоразбаев жастардың танымал әндеріне баға берді

/
«Радиодан естісем, өшіріп тастаймын»: Алтынбек Қоразбаев жастардың танымал әндеріне баға берді
Скриншот

Белгілі әнші, композитор Алтынбек Қоразбаев «Кешкі Алматы» бағдарламасында жастар арасында танымал бірнеше әнді тыңдап, өз бағасын берді, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Өнер иесіне алғашқы болып Alem лақап атымен танымал әншінің «Күйім» әні ұсынылды. Композитор туындының мәтіні көңілінен шықпағанын айтып, 5-тен 2 деген баға қойды.

«Мынаның сөзі сөз емес қой, тегі. Мен мұндай әнді радиодан естіп қалсам, өшіріп тастаймын. Мен әннің сөзіне мән беріп тыңдаймын. Әннің сөзі мен әуені қатар жүруі керек», – деді ол.

Ал Садраддиннің «Melodrama» әні композитордың көңілінен шыққан.

Бұдан кейін өнер иесі Yenlik-тің «Мейлі» әнін тыңдады.

«Бұл әнге бес деген баға қояйын. Бірақ бұл қазақы ән емес. Өйткені рэп әзірге қазақтың қанына сіңбей жатыр», – деді ол.

Сондай-ақ композитор Kalifarniya-ның «Hello» әніне де пікір білдіріп, 3 деген баға қойды.

«Қазақы иіс көріп тұрған жоқпын», – деп қысқа қайырды А. Қоразбаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары