TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырған екі адамнан 125 млн теңге өндірілді

/
TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырған екі адамнан 125 млн теңге өндірілді
istockphoto.com

Астана қаласының прокуратурасы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларды қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Үкімдер шығарылғаннан кейін қылмыстық кірісті өндіріп алу туралы азаматтық талап қою бойынша жұмысы атқарылуда.

Сот шешімімен екі қылмыстық іс бойынша прокурордың талап қою талаптары толық қанағаттандырылды.

Нәтижелері бойынша Instagram және TikTok әлеуметтік желісіндегі екі құмар ойынды ұйымдастырушыдан заңсыз жолмен алынған 124,8 млн теңгеден астам ақша өндірілді.

Елорда прокуратурасы арнайы лицензиясыз интернетте құмар ойындар мен лотереяларды ұйымдастыру қылмыстық құқық бұзушылық болып саналатынын еске салады. Заңсыз ойын бизнесінен ақша табу әрекеттері (соның ішінде Instagram және TikTok) белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары