Жамбыл облысында отшашу атып, дрифт жасаған азамат 5 тәулікке қамалды

/
Жамбыл облысында отшашу атып, дрифт жасаған азамат 5 тәулікке қамалды
Polisia.kz

Жамбыл облысында бейнебақылау камералары арқылы түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзған азамат анықталды. Ер адам орталық көшелердің бірінде дрифт жасап, қоғамдық орында отшашу атқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осы әрекеттермен ол тұрғындардың тыныштығын бұзып, жол құрылыстарына зақым келтіру қаупі туындаған.

Полиция қызметкерлері тез арада 22 жастағы жігітті анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің бірден үш бабы бойынша шара қабылдады. Осылайша құқық бұзушы Диярбек Қонарбаев сот қаулысымен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, түнгі тыныштықты бұзбауға және жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары