Қазгидромет жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады

/
Қазгидромет жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады
istockphoto

«Қазгидромет» бүгінге, 8 қарашаға Астана қаласы, Алматы және еліміздің 17 облысы бойынша дауылды ескерту жариялады.

Астанада күндіз жаңбыр, кей уақытта қатты жауын-шашын жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Бірқатар өңірде тұман күтіледі.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында желдің жылдамдығы 30 м/с-тан асуы ықтимал.

Маңғыстау облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жауын-шашын болжанады. Алматы, Алматы облысы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының кей аумақтарында өрт қаупі жоғары немесе төтенше деңгейде сақталады.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар