Жазғы Азиада-2026: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин чемпион атанды

/
Жазғы Азиада-2026: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин чемпион атанды
Туризм және спорт министрлігі

Бүгін Жапонияның Нагоя қаласындағы Инаэ спорт орталығында аралас жекпе-жектен Азия ойындарының финалдары өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз Еркінғали Бүркіталин (дәстүрлі стиль) 77 кг дейінгі салмақтың финалында бахрейндік қарсыласы Мұхаммед Нәбиевпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 3-0.

Осы тұста MMA Жапонияда алғаш рет жазғы Азиада бағдарламасына қосылғанын айта кетейік.

Қазір Қазақстан командасының еншісінде Азиаданың 5 алтыны бар.

Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар