Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Аичи-Нагояда өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарының алғашқы күнінде тасжолдағы велоспорттан екі алтын медаль жеңіп алған Қазақстан ұлттық құрамасын құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Геннадий Головкин әйелдер арасындағы жекелей жарыста жеңімпаз атанған Рината Сұлтанованы және ерлер арасындағы жекелей жарыста алтын медальға ие болған Алексей Луценконы құттықтады. Бұл – Алексей Луценконың Азия ойындарындағы бесінші алтын медалі болды.
Алда ұлттық құраманы тағы екі маңызды жарыс күтіп тұр: әйелдер мен ерлер арасындағы топтық сайыстар.