Елорда тұрғыны түнде отшашу ұйымдастырғаны үшін 5 тәулікке қамалды

/
Елорда тұрғыны түнде отшашу ұйымдастырғаны үшін 5 тәулікке қамалды
Polisia.kz

Елордада түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға жол бермеу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осылайша елордадағы мейрамханалардың бірінің маңында тыныштық пен қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі анықталды.

Белгілі болғандай, досының үйлену тойы аяқталғаннан кейін 25 жастағы Өмірзақов Бекзат мейрамханаға қарама-қарсы жерде пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан. Салдарынан жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінде тұратын азаматтардың тыныштығы бұзылған.

Құқық бұзушы сот шешімімен 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар