Пойыз машинисі теміржол бойында жалғыз жүрген 4 жасар баланы құтқарып қалды

/
Пойыз машинисі теміржол бойында жалғыз жүрген 4 жасар баланы құтқарып қалды
ҚТЖ

20 қыркүйекте сағат 12:30-да Сарыөзек – Үштөбе учаскесінің Тауарасы – Айнабұлақ аралығында қозғалыстағы жүк пойызының машинисі теміржол төсемі жанынан Айнабұлақ стансасына жалғыз бағыт алған даладағы төрт жасар баланы байқады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шамамен 38 км/сағ жылдамдықпен машинист қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына мінгізіп алды. Бұл туралы ол пойыз диспетчеріне хабарлады.

Баланы ата-анасымен байланысқан Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары