Елімізде бір күнде екі орман өрті тіркелді

/
Елімізде бір күнде екі орман өрті тіркелді
istockphoto

20 қыркүйекте Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында екі орман өрті тіркелді.

Өрттің бірі Жетісу облысында, екіншісі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында анықталған.

Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жерүсті мониторингі және «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің әуе патрульдеуі кезінде анықталды. Оқиға орындарына қажетті күштер мен техника жіберілді.

Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзеті мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай бақылауда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары