Науқас бүлдіршіндер квотаға қол жеткізді

Науқас бүлдіршіндер квотаға қол жеткізді

Науқас бүлдіршіндер  квотаға қол жеткізді
ашық дереккөзі
Екі науқас баланың анасы Амангүл Батиманың бүлдіршіндеріне шипа іздеп бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Емделу квотасын ала алмай сабылған қамкөңіл жанның кезекте тұрғанына екі жыл болған. Алайда әр барған сайын кезектің келмегені туралы жауап естуден шаршаған ол «Нұр Отан» партиясына көмек сұрап келген. Партияның көмегімен науқас балалардың анасы көптен күткен квотаға қол жеткізді. – Қыздарым іштен науқас болып туылды. Біріншісінің диагнозы – гидроцефалия, яғни бассүйек қуысында ми-жұлын сұйықтығының көлемі көбейген. Екінші баламда – микроцефалия ауруы. Ол дегеніңіз – бассүйегі мен миы жетілмей қалған. Іште бес айлығында-ақ дәрігерлер науқас болып туылатынын, уақыт барда алдырып тастау керектігін айтқан. Бірақ мен дәрігерлерге сенбедім. Екі жылдан бері тегін емделу кезегін күтіп келдік. Партия екі айдың ішінде мәселемді шешіп берді,– деді ол. Қазір Амангүл ханымның қыздары Аяулым мен Арайлым Республикалық балаларды оңалту орталығында бір айлық ем қабылдап жатыр. – Мұнда логопедтен ем аламыз, массаж жасайды, бассейнге түсіреді және тағы басқа емдеу шаралары бар. Мәселен, Аяулым қабылдайтын дәрінің 100 грамының өзі 200 мың теңге тұрады. Оны қазір тегін алып жатырмыз. Пар­тияның көмек қолын созғанына көп рақмет айтамын, – деп алғыс білдірді ол. Амангүл Батима ауруханадан шыққан соң, бір қызын балабақшаға, екіншісін түзеу мектебіне беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар әкімшіліктен тегін ем қабылдап тұрмақ.