«Менің деңгейіме түсіп, жұдырықтасатын адам емес»: Еркебұлан Тоқтар Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке жауап берді

«Менің деңгейіме түсіп, жұдырықтасатын адам емес»: Еркебұлан Тоқтар Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке жауап берді

ММА шебері, актер Еркебұлан Тоқтар 2016 жылғы Рио Олимпиадасының жеңімпазы Данияр Елеусіновтің жекпе-жекке шақыруына жауап қатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мен бұл ағамызға не істеп қойғанымды білмеймін. Бірақ бір емес, екі емес, мені көп айтты. Мүмкін, мені Мотиватормен шатастырып тұрған шығар. Ол кісі – Олимпиада чемпионы ғой. Менің деңгейіме түсіп, менімен бокстасатын адам емес.

Мені жақтырмай жүрген шығар, бәлкім. Дәке, егер мені ұру керек болса, Ruh Boxing-ке келіп, ұрып тастай салсаңыз болады. Олимпиада чемпионы, оның үстіне қазақ ағамнан ұтылу мен үшін ұят емес. Ал егер халықтың алдында ұрғысы келсе, онда промоутерлерге хабарласу керек. Шамам жеткенше қарсыласып көремін. Расында сондай кездесу керек болып жатса, онда ақшасын төлеп, бокстасып бере аламын. Дәкең мені ұрмайынша, қоймайтын секілді. Олимпиада чемпионы ғой. Мен Дәкеңе ештеңе істеген жоқпын. Олимпиада чемпионы нашар деп айтқан да емеспін», – дейді Еркебұлан Тоқтар.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов бұған дейін инстаграм желісіндегі жеке парақшасында Еркебұлан Тоқтаровты "Олимпиада чемпионы әлдекімнен әлсіз" деп айтты деп айыптап, өзара күш сынасуға шақырған-тын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар