Пара спортшы Ардақ Оторбаев әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

/
Пара спортшы Ардақ Оторбаев әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Астана әкімдігі

Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында Changwon 2026 WSPS World Championships пара атудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Астаналық спортшы Ардақ Оторбаев Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, R1 – 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен ату бағдарламасы бойынша командалық жарыста Қазақстан құрамасы 1854,4 ұпай жинап, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын – Корея, 1867,1 ұпай;
2-орын – Үндістан, 1856,3 ұпай;
3-орын – Қазақстан, 1854,4 ұпай.

Әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Астананың атынан Севда Әлиева, Әйгерім Төлегенова, Никита Ермаков, Айсұлу Мұқашбекова, Александр Пасхалиди және Ардақ Оторбаев өнер көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, пара атудан әлем чемпионаты 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Беделді жарысқа әлемнің 53 елінен 350-ге жуық спортшы қатысып жатыр.5914:46

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары