Қостанай облысында 600 гектар аумақты шарпыған өрт сөндірілді

/
Қостанай облысында 600 гектар аумақты шарпыған өрт сөндірілді
ТЖМ

Қостанай облысының Денисов ауданында бір тәулік ішінде бірнеше өрт тіркелді. Тілсіз жау шамамен 600 гектар аумақты қамтыған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 8 қыркүйекте Гришенка және Қараоба ауылдарының маңында құрғақ шөп өртенген.

Өртті сөндіруге 70-тен астам адам мен 15 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ ТЖМ-нің ұшқышсыз ұшу аппараты, жергілікті атқарушы органдардың күштері, «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымдары және «Қазақстан темір жолы» компаниясының өрт сөндіру пойызы тартылған.

Антоновка ауылында да құрғақ шөп өртеніп, жалын үш жеке үйдің ауласындағы шаруашылық құрылыстарға және екі тұрғын үйдің шатыр астындағы бөлігіне ішінара тараған.

Бұл аумақтағы өрт 200 шаршы метр жерде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ Георгиевка ауылында өрт шығып, тұрғын емес үй мен шаруашылық құрылыстарын шарпыған. Жалын шамамен 80 шаршы метр аумақта сөндірілді.

ТЖМ мәліметінше, барлық өрт оқиғаларында зардап шеккендер тіркелмеген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары