Оралда елдің үздік спортшылары қатысқан дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері ҚР ІІМ-нің ARLAN спорт командасының қолдауымен жоғары спорттық дайындықтарын көрсетіп, екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.
Чемпионаттың жеңімпаздары 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатардағы жауынгер Мади Амангелді мен Санжар Жабборов атанды. Мади Амангелді 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орын алса, Санжар Жабборов 100 келіден жоғары салмақта чемпион атанды.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Дархан Қойбағар күміс медаль иеленді.
Ұландықтардың жоғары нәтижелері құқықтық тәртіп әскерлері әскери қызметшілерінің әскери қызметті жоғары спорттағы жетістіктерімен ұштастыра отырып, спорттық дайындығының тиімділігін тағы бір мәрте көрсетті.