Танымал блогер Арайлым Жиенбаева Шымкент бокс федерациясының медиа директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Федерация өкілдері жаңа қызметіне кіріскен оған сенім білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
«Сізге үлкен сенім артамыз. Алдағы уақытта да өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап, Шымкент боксының абыройын арттыру жолында керемет жұмыстар атқаратыныңызға сенім білдіреміз!» – делінген құттықтау хабарламасында.