Алматы мемлекеттік табиғи қорығында Сібір тауешкісі фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, сібір тауешкісі – Алматы мемлекеттік табиғи қорығын мекендейтін төрт ашатұяқты сүтқоректінің бірі. Қорық аумағында ол теңіз деңгейінен 1200-4000 метр биіктікте кездеседі.
– Жазда тауешкілер биік таулы аймақтарға көтеріліп, құзды және тастақты беткейлерді мекендейді. Ал қыста қар қалың түскен кезде қорек іздеп төменгі белдеулерге, кейде тау етегіне дейін түседі, – делінген комитет хабарламасында.
Сібір тауешкісі тік жартастар мен құздарда еркін қозғалады. Ол таудың қатал табиғи жағдайларына жақсы бейімделген.
Комитет мәліметінше, Сібір тауешкісінің кадрлары 2026 жылы қорық аумағына орнатылған фототұзақтарға түсірілген.