Олжас Бектенов Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығын іске қосуды тапсырды

/
Олжас Бектенов Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығын іске қосуды тапсырды
Үкімет

Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ғылым және Еңбек министрліктеріне жыл соңына дейін жетекші компаниялармен бірге мемлекет пен жеке серіктестік негізінде кәсіптерді трансформациялаудың ұлттық орталығын толыққанды іске қосуды тапсырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сондай-ақ колледждердің тартымдылығын арттыру міндеті қойылды.

«Оқу бағдарламаларын еңбек нарығы мен халықтың сұранысына сәйкес үнемі жаңғыртып отыру керек.

Қажетті микро-біліктіліктерді алу мақсатында қысқа мерзімді модульдік бағдарламалар ашқан жөн.

Колледж кәсіби білім мен дағдыларды меңгеру үшін саналы түрде таңдайтын білім ошағына айналуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары