Ақтауда тұрғыннан бірнеше ай бойы ақша талап етіп келген күдікті ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жасақ жауынгерлерімен бірлесіп, бопсалау күдігімен ер адамды ұстады.
Алдын ала мәлімет бойынша күдікті бірнеше ай бойы күш қолданып, жәбірленушіден 200 мың теңге талап еткен.
Жедел іс-шаралар барысында күдікті Ақтау қаласындағы бизнес-орталықтардың бірінің маңында ұсталды. Автокөлікті тексеру кезінде полицейлер жедел іс-шаралар аясында бұған дейін берілген 100 мың теңгені тауып, тәркіледі.
Аталған дерек қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.