Маңғыстауда бекіре тұқымдас балық өнімдерінің заңсыз айналымы тоқтатылды

/
Маңғыстауда бекіре тұқымдас балық өнімдерінің заңсыз айналымы тоқтатылды
polisia.kz

«Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері бекіре тұқымдас балық өнімдерінің заңсыз айналымын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шерқала ауылы мен Адай базасы арасындағы автожолда полицейлер Jeep Wrangler автокөлігін тоқтатты. Көліктің жүксалғышынан екі бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді.

Одан әрі жүргізілген іс-шаралар барысында фигуранттардың бірінің тұрғылықты мекенжайынан тағы екі бекіре тұқымдас балық, оның ішінде бір ысталған балық, сондай-ақ алты литрлік ыдысқа салынған уылдырық — бес ыдыс қара және бір ыдыс қызыл уылдырық табылды.

Тәркіленген балық өнімдерінің жалпы салмағы 17 келіден астам, ал уылдырықтың салмағы шамамен 6 келіні құрады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген өнімдер тиісті сараптамаға жолданды. Тергеу жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары