Алматы – Өскемен тасжолында екі жаяу жүргінші қаза тапты

/
Алматы – Өскемен тасжолында екі жаяу жүргінші қаза тапты
t.me/zhest_kz_official

Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 6 қыркүйекте Алматы – Өскемен автожолының 18-шақырымында болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, Chevrolet Cobalt көлігін басқарған 37 жастағы жүргізуші жолдың белгіленбеген тұсынан өтіп бара жатқан екі қарт ер адамды қағып кеткен.

Алған жарақаттарының салдарынан екі жаяу жүргінші де оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар