Алматыда психикалық орталықтан қашып кеткен екі адам іздестіріліп жатыр

/
Алматыда психикалық орталықтан қашып кеткен екі адам іздестіріліп жатыр
Wavebreakmedia / Getty Images

Алматы полициясы психикалық денсаулық орталығынан әртүрлі уақытта шығып кеткен екі адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, олар орталықтан бірге қашпаған. Екі жағдай да бөлек уақытта болған.

Қазіргі уақытта Бостандық аудандық полиция басқармасы екі дерек бойынша да іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Мақсат – іздеудегі азаматтарды тауып, емдеу мекемесіне қайтару.

Lider.kz еріктілер ұйымының ақпаратына сәйкес, Нелли Шахрай 16 сәуір күні сағат 09:00 шамасында орталықтан шығып кеткен.

Ал екінші пациент Денис Антипин дәл осы мекемеден 13 мамырда кеткен.

Іздеудегі азаматтарды көрген жағдайда оларға өз бетінше жақындамау және жанжалға бармау керектігі ескертілді. Мұндай жағдайда полицияға немесе іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқан қызметтерге хабарлау қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар