Елордада 15-20 қыркүйек аралығында үстел теннисінен беделді халықаралық турнирлердің бірі – WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылып, әлемнің үздік үстел теннисі шеберлерінің басын қосады.
Турнир Қазақстан Республикасы Президентінің дәстүрлі кубогі аясында өтіп, халықаралық WTT (World Table Tennis) сериясының кезеңдерінің біріне айналады.
Жарыстың жүлде қоры – 300 мың АҚШ доллары.
Турнир бағдарламасы:
• 15 қыркүйек – ашылу салтанаты;
• 16-18 қыркүйек – жарыс күндері;
• 19-20 қыркүйек – финалдық кездесулер.
Жарысты Nomad Table Tennis Academy ұйымдастырады.
12 жасқа дейінгі балаларға ересек адаммен бірге кіру тегін.