Жамбыл облысында 200-ден астам тіркелмеген мотокөлік анықталды

/
Жамбыл облысында 200-ден астам тіркелмеген мотокөлік анықталды
Polisia.kz

Қордай ауданы полиция қызметкерлері жүргізген “Мотокөлік” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ауданда 62 электрлі үш дөңгелекті мотокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Оның 50-і белгіленген тәртіппен тіркелмеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қалған 12 мотокөлік тіркеуде тұрғанымен, олардың пайдаланылу тәртібінде заң бұзушылықтар болған. Аталған мотокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Жалпы облыс аумағында іс-шара басталғалы бері мототранспортты пайдалану тәртібін бұзуға қатысты 200-ден астам дерек анықталған.

Полиция азаматтарға электрлі үш дөңгелекті көліктер де заңнама талаптарына сәйкес тіркелуге тиіс екенін еске салады. Тіркеусіз көлік құралын пайдалану әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары