Алматыда төбелес болып, бір адам жарақат алды

/
Алматыда төбелес болып, бір адам жарақат алды
istockphoto

Алматыдағы азық-түлік дүкенінде ер адамдар бір-бірімен сөз таластырып, оқиғаның арты қайғылы оқиғаға ұласа жаздады. Ер адамдардың бірі кеуде тұсынан жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz қалалық ПД-ға сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаменті Instagram парақшасында жанжал Түрксіб ауданындағы шағын азық-түлік дүкенінде болған. Оқиға екі ағайынды мен дүкен қызметкерінің арасында туындады. Сөз таластыру арты төбелеске ұласты.

"Төбелес кезінде қатысушылардың бірі кеуде тұсынан өткір затпен жарақат алды. Зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетілді. Учаскелік инспектор жанжалға қатысушыларды жедел ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді", - деп атап өтті полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Әрбір қатысушының әрекеті мен рөліне құқықтық баға беріледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары