Еркебұлан Тоқтар UFC-ге ауысуы мүмкін

/
Еркебұлан Тоқтар UFC-ге ауысуы мүмкін
Әлеуметтік желіден

Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар әлемдегі ең ірі промоушен — UFC өкілдерімен келіссөз жүргізбек. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Тоқтар Париж әуежайында өзінің менеджері, OCTAGON лигасының басшысы Нұраддин Садықовты қарсы алған сәттен видео жариялады. Оның сөзінше, тараптар UFC өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.

«Нұреке Парижге келді. Бұйырса, ертең UFC-пен келіссөз жүргіземіз. Бізге сәттілік тілеңіздер», — деді Еркебұлан Тоқтар.

Ал Нұраддин Садықов алда жақсы жаңалық болуы мүмкін екенін айтып, келіссөздің нәтижесін күтуге шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары