Еліміздің бірнеше өңірінде ауа сапасы нашарлайды

/
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

Бүгін, 5 қыркүйекте Қазақстанның 11 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеожағдайлар Астана, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Қостанай, Өскемен және Семей қалаларында байқалуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде желдің әлсіз болуы, тұман және температуралық инверсия сияқты факторлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді. Соның салдарынан ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Мамандар мұндай кезде ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге және даладағы физикалық белсенділікті шектеуге кеңес береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары