Таразда өрт болып, 79 адам эвакуацияланды

/
Таразда өрт болып, 79 адам эвакуацияланды
ТЖМ

ТЖМ мәліметінше, бүгін, 4 қыркүйекте, Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағынауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде жиһаздың жанғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында баспалдақ арқылы ғимараттан 79 адам, оның ішінде 23 бала эвакуацияланды», – делінген хабарламада.

Өрт 2 шаршы метр аумақта сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектесетінін еске салады. Электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз, ал төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары