Көкшетау қаласының прокуратурасы құны шамамен 70 млн теңгені құрайтын заңсыз ұсынылған жерлер мемлекет кірісіне қайтарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Прокурорлық қадағалау шараларымен заңсыз ұсынылған жерлер мемлекет кірісіне қайтарылды.
Көкшетау қаласының прокуратурасы жер заңнамасының бұзушылықтарын анықтады.
Талдау барысында Көкшетау қаласының әкімдігі Жер кодексінің 48-бабын бұза отырып (аукциондар (сауда-саттық) өткізбестен), заңды тұлғаға коммерциялық мақсаттағы жалпы ауданы 2,4 гектар, құны шамамен 70 млн теңгені құрайтын 10 жер телімдерінің заңсыз ұсынылғаны анықталды.
Прокурорлық қадағалау шараларымен заңсыз ұсынылған жерлер мемлекет кірісіне қайтарылды.
Жер телімдерін ұсыну заңдылығы және оларды нысаналы пайдалану прокуратура органдарының бақылауында.