Әнші Төреғали Төреәлі Қызылордада жас жұбайлардың тойына ескертпей барып, тосын сый жасаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі қуаныш иелеріне ән шырқап, көпшілікпен бірге тойдың көркін қыздырды.
«Бұл өмірде әр адамның миссиясы бар. Менің миссиям – бір адамға болсын қуаныш сыйлау.
Қазақ елі, мен сіздерді жақсы көремін!
Қызылорда қаласында жас жұбайлардың тойына тосын-сый жасап, той иелеріне айтпай бардым. Дәл осылай халықпен бірге қазақтың тойын өткіздік», – деп жазды әнші.