Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанды

/
Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанды
Туризм және спорт министрлігі

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен чемпион атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы 192 келіні көтеріп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды. Пара оқ атудан Еркін Ғаббасов алтын жүлдеге қол жеткізсе, пара пауэрлифтингтен Тұрсынай Қабыл 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 104 келіні көтеріп, күміс медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын және бір күміс медаль бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары