Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Расул Құрайыш аударыспақтан күміс жүлде еншіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қырғызстан спортшысына есе жіберді.
Айта кетейік, аударыспақ – ат үстінде күш пен ептілікті, шапшаңдық пен батылдықты талап ететін қазақтың дәстүрлі ұлттық спорты. Бүгінде елімізде 11,5 мыңнан астам адам аударыспақпен тұрақты түрде шұғылданады.