Тоқаев Бішкекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына қатысты

/
Тоқаев Бішкекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына қатысты
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады. Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Биыл халықаралық дода 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтеді.

Жарысқа әлемнің 100-ден астам елінен 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Олар спорттың 43 түрінен жүлделерді сарапқа салады. Бағдарламаға қазақ халқының ұлттық спорт түрлері де енгізілген.

Қазақстан құрамасы атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз ойындар бағдарламасына енген 43 спорт түрінің барлығында бақ сынайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары