Аршалы ауданының полиция қызметкерлері жергілікті карьер аумағынан қымбат жабдықтарды ұрлау әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Аршалы ауылының екі тұрғыны құны 5 миллион теңгеге жуық трансформаторды ұрламақ болғанын анықтады. Алайда ер адамдар қылмыстық жоспарды соңына дейін жеткізе алмады. Олардың заңсыз әрекеттері уақытылы тоқтатылып, мүлік сақталды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер жасаған істерін мойындады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, болған оқиғаның барлық мән-жайы толық анықталады.