Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында тауда адасып кеткен 2008 және 2007 жылы туған екі жігітті іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Белгілі болғандай, олар Камсамол тауының шыңынан төмен түсу кезінде адасып, өз бетінше жол таба алмаған. Таулы аумақты шолу үшін құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданды.
Іздестіру жұмыстарына ТЖМ, ПД және Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күштері жұмылдырылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары адасып кеткен азаматтарды Жиренсақал таулы аймағынан тапты. Құтқарылғандар қауіпсіз жерге жеткізілді.
Медициналық көмек қажет болған жоқ.