Астанада бес жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер тексергеннен кейін ата-анасы баланы ауруханаға жатқызудан бас тартқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Nur.kz басылымының жазуынша, бала жедел жәрдем бригадасымен №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының травматология бөліміне жеткізілген.
Оған қажетті диагностикалық тексерулер жүргізіліп, бейінді мамандар қарап шыққан.
"Тексеру және қажетті зерттеулер жүргізілгеннен кейін ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты. Тиісті қолхат алынды. Ата-анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.