Үлкен Алматы көлі маңында таудан тас құлады

/
Үлкен Алматы көлі маңында таудан тас құлады
instagram.com/kris.p.original

Үлкен Алматы көлі аумағында тау жыныстары құлады. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиғадан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде Іле Алатауында, шамамен 2500 метр биіктікте, Үлкен Алматы көлі маңында таудан тастар құлаған сәт түсірілген видео тарады.

Куәгерлердің айтуынша, ауа райы ашық болғанына қарамастан, тау беткейінен кенеттен тас құлап, айналаны қалың шаң басқан. Сол сәтте жақын маңдағы адамдар қауіпсіз қашықтықта болған.

Алматы қалалық ТЖД оқиғаның 25 тамыз күні шамамен сағат 14:00-де болғанын растады.

"Бүгін сағат 11-де бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу барысында Үлкен Алматы көлі аумағында тас құлаған сәт түсірілген видеоматериал анықталды. Бұл оқиға 25 тамызда, шамамен сағат күндізгі екіде болған. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі мәлімет бойынша, оқиға салдарынан ешкім жарақат алмаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары