TikTok эфирінде басқа адамды балағаттаған бойжеткенге айыппұл салынды

/
TikTok эфирінде басқа адамды балағаттаған бойжеткенге айыппұл салынды
istockphoto.com

2026 жылғы 26 тамызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотындак Б.-ға қатысты бойынша әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 26 шілдеде TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында әйел адам басқа азаматшаға балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Б. өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінді.

Сот істің барлық мән-жайларын, оның ішінде кәмелетке толмаған баласының бар екенін ескере отырып, оған әкімшілік қамауға алудың орнына 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары