Әнші Нұрболат Абдуллин тойханаға көлікпен кіргені үшін сынға қалды (ВИДЕО)

/
Әнші Нұрболат Абдуллин тойханаға көлікпен кіргені үшін сынға қалды (ВИДЕО)
Скриншот

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин тойханаға көлікпен кіріп, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желіде тараған видеодағы кадрлардан той өтіп жатқан залға Toyota Land Cruiser көлігінің кіріп келе жатқанын көруге болады. Артынша көліктен Нұрболат Абдуллин түсіп, әнін жалғастырады. Әнші той иелеріне тосынсый жасап, арнайы қонақ болып келген.

Нұрболат Абдуллин той иелерін құттықтап, бұл отбасының өзіне де жақын екенін айтты.

«Бүгін әке-шешеміздің шаңырағындағы той құтты болсын! Бұл – менің де шаңырағым. «Әке өлсе де, әкеңді көрген өлмесін» деген сөз бар. Әкем мен Сағынбай ағамыздың достығының туын көтеріп, арнайы келіп қалған жайым бар. Бауырым, құтты болсын!» – деді әнші.

Көпшілік әншінің әрекетін орынсыз деп бағалап, пікірлерін ашық жазды.

«Көлікті сыйлыққа әкелді ме десем...», «Жаяу-ақ кірсе болмай ма?», «Алғаш сахнаға шыққанда қарапайым еді, қазір өзін жұлдыз сезінетіндей», «Балам, кішкене бір-екі саты төмен түссеңші, ғарышқа кетіп қалма», «Көзге ерсі көрінеді», – деп жазды олар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары