Ұлдана Мырзуанның өлімі: Айыпталушының адвокаты қылмыстық істі қайта тергеуге жіберуді сұрады

/
Ұлдана Мырзуанның өлімі: Айыпталушының адвокаты қылмыстық істі қайта тергеуге жіберуді сұрады
видеодан скриншот

Бүгін марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты кезекті сот процесі өтіп жатыр. Сот отырысында айыпталушы, МИБ төрағасы Жұбаниязованың адвокаты қосымша құрылыс-техникалық, экономикалық-қаржылық сараптама жүргізу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жұбаниязова МИБ төрағасы болып 2025 жылдың мамыр айында тағайындалған. Техникалық білімі жоқ адам үйдің қабырғасының құлайын деп тұрғанын анықтай ала ма? Жұбаниязовадан бұрын үйді басқарған МИБ төрағалары үйдің техникалық жағдайын анықтау үшін қандай шаралар қабылдады? Жұбаниязова төраға болған үйдің жинақ шотындағы ақша қаражаты қанша? Шоттағы қаражат қабырғаны тексеруге жете ме? Борышкерлердің қарызы қанша? Үйдің қабырғаға жөндеу жүргізетін ақшасы жеткілікті болды ма? Үйдің бухгалтерлік құжаттарын сұрату, қаржылық-шаруашылық жұмысына тексеріс жүргізу үшін қылмыстық істі прокуратураға қосымша тергеуге жіберуді сұраймын», - деді адвокат.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар