Маңғыстауда 21 мың спортшының құқығын бұзған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

/
Маңғыстауда 21 мың спортшының құқығын бұзған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды
istockphoto.com

Маңғыстау облысының прокуратурасы 21 мыңнан астам спортшының және 1,1 мың жаттықтырушының құқығын қорғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, прокурорлық қадағалау актісі негізінде спортшыларға, оның ішінде мүгедектігі бар спортшыларға тиесілі төлемдердің уақытылы төленуі қамтамасыз етілді. 

Сонымен қатар, құжаттарды дереу жолдау тәртібі және комиссияның отырыстарын ай сайын өткізу қалыптастырылды. 

Құжаттардың уақытылы жолдануы, ай сайынғы төлемдерді тағайындауды тездетеді, бұл өз кезегінде өңіріміздің спортшыларын жетістіктерге жетуге ынталандырады және уақтылы тиісті төлемдерін алуын қамтамасыз етеді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде спортшылардың құқықтарының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғалар жауаптылыққа тартылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары